Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көп ұзамай доллардың 500-ге жеткенін және одан да асқанын көреміз – экономист

178

Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 наурызда сағат 11:00-де доллардың орташа бағамы 494,74 теңгені құрады. Теңгенің осыған дейін құлдырауы Ресей әскерінің Украинаға басып кіруі, Ресейге қарсы жаңа санкциялар және рубльдің әлсіреуі аясында орын алды.

Көптеген сарапшылардың пікірінше, Ресей тудырған әскери қақтығыстың Қазақстан үшін экономикалық және саяси салдары көп ұзамай білінеді. Өйткені, “солтүстік көршімен” сауда айналымы ондаған миллиард долларды құрайды. Сонымен қатар, бір доллардың 500 теңгеге жетуінің психологиялық соқысы әлі басылған жоқ. Бірақ экономист Арман Байғанов теңгенің нығаюын күтудің қажеті жоқ дейді – Ұлттық валютаның одан әрі әлсіреуі әлі алда.

Бағам және базалық мөлшерлеме

– Доллар бағасы 500-ден асуы әбден мүмкін. Ресейде валюта нарығының ашылуын күту керек — ол екі күннен бері жабық. Содан кейін Ресей рублінің қаншалықты девальвацияланатыны және оны еркіндікке қаншалықты жіберетіні түсінікті болады. Сонымен қатар, Ресейде базалық мөлшерлеме рекордтық деңгейге – 20%-ға көтерілді. Біздің Ұлттық Банк та көтеруі мүмкін, әзірге 13,5%-ға дейін +/-1 п. т. пайыздық дәлізбен көтерді.

Арман Байганов.Арман Байғанов. Atameken Business News видеобағдарламасынан скрин

– Базалық мөлшерлемені көтеру бізге қалай көмектеседі?

– Теңгені девальвациядан сақтауға көмектеседі. Базалық мөлшерлеме көтерілгеннен кейін халық депозиттерден ақшаны азырақ алатын болады. Өйткені егер адамдар белсенді түрде ақша алып, оны жұмсайтын болса, бұл инфляцияны тудырып, теңгенің әлсіреуіне ықпал етеді.

Егер олар мөлшерлемені 20%-ға көтерсе, екінші деңгейдегі банктер де ақшаны Ұлттық банкте сақтайтын болады. Сондықтан жоғары базалық мөлшерлеме экономикадағы қолма-қол ақша санын азайтады

Бірақ бұл механизм қысқа мерзімде ғана жұмыс істейді – бір-екі ай. Ұзақ мерзімді перспективада ол бәрібір инфляцияны тудыруы мүмкін, өйткені несиелер көбейіп, бизнес “құлдырайды”.

Курсты тежеу

– Егер Украинадағы соғыс болмаса, теңге бағамына тағы қандай факторлар әсер етеді?

— Бірінші кезекте бізге рубль әсер етеді. Ресеймен экономика тығыз байланысқан. Сол елден біз тауарлардың көбін импорттаймыз және аздаған тауар экспорттаймыз. Тым арзан рубль біздің бизнесіміз үшін тиімсіз, әйтпесе ресейлік тауарлар біздің экономикамызда екі есе көбейеді, ал біздің кәсіпкерлер банкротқа ұшырайды. Жалпы, қазір Украинада болып жатқан жағдай жақсы емес. Бұл соғыс неғұрлым тез аяқталса, соғұрлым бізге де жақсы болады.

— Бірақ Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұратындарын мәлімдеді. Қанша уақытқа дейін ұстап тұруға болады? Егер жақын арада рубль “құрдымға кетсе”, теңгені ұстап тұру тоқтай ма?

— Қазір Ресейге оның экономикасына соққы беретін бұрын-соңды болмаған санкциялар салынып, оның алтын-валюта резервтеріне тыйым салынды.

Енді елестетіп көріңізші: рубльді ұстап тұру үшін оларда ақша да болмайды. Қазақстанда алтын-валюта резервтері бар. Бірақ егер Ресей экономикасы одан әрі нашарлай беретін болса, біз де теңгені ұзақ ұстап тұра алмаймыз. Кем дегенде бір жылға шыдауға болады, содан кейін девальвациядан бәрібір құтыла алмаймыз.

Бүгінгі таңда доллардың рубльге шаққандағы орташа бағамы – 120 рубль. Бұл алыпсатарлық бағам болуы мүмкін, бірақ кем дегенде 107 рубль болуы керек — бұл шындық. Енді, есептеңіз: беске көбейтсеңіз де, 535 теңге болады — бұл әлдеқайда шынайы бағам. Және жақын арада осылай болуы мүмкін.

Біздің нарықта ресейлік банктердің болуы да маңызды рөл атқарады. Олардың ішінде Сбербанк – Қазақстандағы активтерінің көлемі бойынша екінші банк. Ресейлік банктерде халықтың 2 трлн теңгеден астам депозиті жатыр. Ағымдағы жағдайда оларды алудан қиындық туындауы мүмкін. Бұл да жағдайдың шиеленісуін арттырып, теңге бағамына әсер етуі мүмкін.

Мұнай екінші орында

– Ал мұнай ше? Қазір барреліне 100 доллардан асады. Егер ол одан сайын қымбаттаса, бұл теңгеге көмектесе ме? Біздің валютамыз төтеп беруі үшін оның бағасы қандай болуы керек?

– Иә, біз үшін мұнайдың қымбат болғаны жақсы. Аз да болсын қолдау. Бірақ, жоғарыда айтқанымдай, Ресейдің ықпалы әлдеқайда күштірек. Себебі бізде онымен ортақ экономикалық шекара бар.

Егер рубль мен теңге арасындағы кросс-курс 5-тен төмен болса, бұл мұнай қанша қымбат болса да, өте жағымсыз сценарий. Есіңізде болсын, 2015 жылы ол 1:3 болды, сол кезде біз теңге бағамына қолдау көрсету үшін көп қаражат жұмсадық. Бірақ теңгені бәрібір девальвациялауға тура келді

Сондықтан, менің ойымша, тепе-теңдік соңғы кездегідей болады. Ресей экономикасы, қалай айтсақ та, бәсекеге қабілетті, бұл сауда сальдосынан да көрінеді. Сондықтан теңгеге қатысты рубльдің күрт әлсіреуі біз үшін ауыр болады. Қалай болғанда да, қазіргі жағдайдың қиын салдарынан құтыла алмаймыз. Тіпті Байденнің айтуынша, Ресейге салынған санкциялардан да жаманы, тек үшінші дүниежүзілік соғыс…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз