Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған заманда ақпарат жеткізудің жаңа қырлары ашылып жатыр. Оның озық үлгілері өзімізден де табылады.
Қарағанды облысының шалғайдағы ауылдары енді республикалық газеттерді сиясын кептірмей оқи алады деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Сәкен Сәрсенов, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы:
– Ең басты мақсат ақшаны үнемдеу ғой. Біз 2-3 келі газет апару үшін бір машинаны бір күнге жіберетінбіз. Кейбір ауылдар бар, 200 шақырым жерді таулы аймақта жүріп өту керек. Ал тіке ұшса, сол ауылға бір сағатта газет жетеді де, қайтып келеді.