Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Контрафактілік өнімдер халықтың денсаулығына қауіп төндіруде: Мәселені қалай шешуге болады?

 Контрафактілік тауарлардың айналымын бақылауды күшейту қажет

Елде контрафактілік тауар айналымының тұрақты өсуіне байланысты жазалау шараларын күшейту қажет екені айқын сезіледі. Алақол өндірушілер мен тасымалдаушыларды тоқтату үшін бүгінде белгіленген айыппұл мөлшері аз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабына сәйкес айыппұл 20 АЕК-тек 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде белгіленген. Контрафактіні ҚР Қылмыстық кодексі тоқтата алар еді, оған сәйкес авторлық құқықты бұзу үшін айыппұл салу, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза қарастырылған.

Біріншіден, мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыру және қажетті консультативтік және медициналық көмек көрсету бойынша уақытылы шаралар қолдану, сондай-ақ контрафактілік тауарларды сату орындарын анықтау қолдан жасалған тауарлармен тиімді күресудің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

Екіншіден, өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына сынақ жүргізудің бірыңғай талаптары негізінде жеке меншік зертханаларға тұтынушылардың өтініші бойынша тапсырыспен тауарларға зерттеулер жүргізу мүмкіндігін беру қажет.

Үшіншіден, шағымды жылдам беру үшін қолданыстағы цифрлық шешімдерді әзірлеу немесе жетілдіру қажет. Мысалы, Қазақтелеком компаниясының Naqty Onim қолданбасының қамту аясын кеңейткен орынды болар еді, сонда қазіргі пилоттық жоба аясында тұтынушыларға бөлшек саудадағы заңсыз контрафактілік темекіге қатысты шағымдарды анонимді түрде беруге мүмкіндік туады.

 Қолданыстағы ҚР заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ жаңа заңнамалық актілер әзірлеу қажет

Елде заңсыз тауарлар, сондай-ақ сапасыз тауарлар кеңінен таралған экономиканың көптеген салаларында не реттеу жоқ, не заңнамалық деңгейде нашар реттеледі. Кейбір жағдайларда қарапайым регламенттер немесе техникалық стандарттар атымен жоқ екені анықталды. Мысалы, елде азық-түлік тауарларының қауіптілігін және зияндылығын түрлі түстермен таңбалау жоқ, соның кесірінен алақол өндірушілер «пайда» көріп отыр.

Реттеудің жетіспеушілігінің келесі мысалы ретінде 2017 жылы әзірлене басталған және тым күшті бюрократизация және одаққа мүше елдер арасында ортақ келісімге қол жеткізудің қиындығы салдарынан ЕАЭО шеңберінде әлі күнге дейін талқыланып жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) «Құрамында никотин бар өнімдерге арналған техникалық регламенті» болып табылады. Аталмыш құжат талқыланып жатқан кезде контрафактілік темекі өнімдеріне қатысты жағдай ушығып барады. ЕАЭО аясында құрамында никотин бар өнімдерге қойылатын нақты талаптардың жоқтығына байланысты Қазақстан нарығын контрафактілік электронды темекі толтырып жатыр, оларға қазір кальян темекісі және насыбай сияқты тыйым салынған, бірақ айналым мен сұраныс үлкен болғандықтан, көлеңкелі нарыққа көшкен.

Контрафактілік темекі өнімдерімен және жалпы шылым шегумен күресте үкімет елдегі жалғыз заңды түтінсіз өнімге – қыздырылатын темекі өнімдері (ҚТТ) түріндегі темекіге зияны азырақ баламаға назар аударуы керек. Ересек шылым шегушілер үшін шылым шегуден келетін зиянды азайту мақсатында этикадан жұрдай маркетингке тосқауыл болу үшін, ҚТТ аэрозоліндегі канцерогендердің және басқа зиянды заттардың мөлшерін азайтуды үшінші тәуелсіз тараптардың ғылыми мәлімдемелерімен қуаттай отырып қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ерікті ҚҚТ стандартын міндетті құжаттар санатына ауыстырған жөн. Сонда үкімет үшін Қазақстан Республикасында электронды темекі айналымына тыйым салуға байланысты Қытайдан төмен сапалы қыздырылатын темекіні импорттаудың күрт өсуіне қатысты туындауы мүмкін мәселені шешу тұрғысынан ҚТТ өнімдеріне тиісінше қарау және реттеу мүмкін болады.

Энергетикалық сусындарға қатысты жағдайға келсек, оларды 2024 жылдың 8 шілдесінен бастап 21 жасқа толмаған тұлғалардың сатып алуына заңмен тыйым салынады. Бұл норма мектеп жасындағы балалар арасында энергетикалық сусындарға тәуелділіктің (кофеиннің болуы) артуымен, балалар арасында семіздіктің белең алуымен және 2 типті қант диабетінің тіркелуімен байланысты. Мұндай жағдайда энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға емес, 18 жасқа толмағандарға сатып алуға тыйым салуды қарастырған дұрыс болар еді. Әлбетте, жас шектеуін 30 немесе 40 жасқа дейін көтеруге болады, бірақ талап орындалмаса, бәрі бекер.

Басқа азық-түлік тауарларына қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң, техникалық реттеу және басқа НҚА шеңберінде зияндылығы жоғары (транс-майлар, пальма майының, қанттың, тұздың, консерванттардың көп мөлшері) өнімдерді таңбалау үшін түрлі-түсті (бағдаршам) таңбаларды қолдану ережелерін әзірлеуді қарастырған жөн. Сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру үшін пилоттық ақпараттық науқан жүргізу керек, яғни сөреден ең пайдалы немесе зияны ең аз өнімді қалай таңдау керек деген сияқты мәселелер айтылуы тиіс. Ал күштілігі жоғары алкоголь өнімдері бойынша темекіге қатысты енгізілгенге ұқсас графикалық ескертулерді енгізген жөн болар еді. Алкогольдің әлеуметтік және физиологиялық зияны тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жол-көлік оқиғаларының, бауыр, асқазан-ішек жолдары және басқа да өмірлік маңызды органдардың ауруларының өсуінен көрініс табатын әлдеқайда ауыр салдарға әкеп соғады.

Ақпараттық жұмыс жүргізу және зиянды азайту қағидаларын енгізу қажет

Контрафактілік өнімдермен күрестің тағы бір маңызды аспектісі халықтың, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің қолдан жасалған және сапасыз тауарларды тұтынудың ықтимал қауіптері туралы хабардарлығын және сауатын арттыру болып табылады. Халықтың контрафактілік тауарларды анықтау тұрғысынан білімін арттыруға және контрафактілік тауарды немесе басқа да өнімдерді сатып алу арқылы өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар көлеңкелі нарықтың өсуіне және елдің бюджетін шығынға ұшыратуға еріксіз ықпал ететінін түсінуіне бағытталған кең ауқымды ақпараттық-ағарту жұмыстарын әзірлеу және бүкіл ел аумағында жүзеге асыру қажет. Жауапты болуға, қолдан жасалған өнімдер туралы полицияға хабарлауға дағдыландыру қажет. Осындай іс қоғам тарапынан қолдау тауып, қатаң қағидаға айналуы тиіс. Осы мәселеде қоғамдық пікір көшбасшылары атқаратын рөл өте маңызды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз