“Жасыл Академия” ҒБО профессоры және директоры Бақыт Есекина атап өткендей, бұл айтарлықтай өршіл мақсат.
– Бүгінде бұл жобаға Париж келісімін ратификациялаған 197 ел белсенді қатысуда. Өткен жылдан бастап олар климаттың өзгеруіне бейімделу тұрғысындағы өздерінің ұлттық стратегияларын ұсынуы керек. Бүгінгі таңда климаттың өзгеруі төңірегінде АҚШ пен Қытай белсенді ынтымақтастық саясатын жүргізуде.
Біздің жақын көршіміз – Ресей Федерациясы жаңа міндеттемелер бойынша бірнеше нормативтік құжаттарды қабылдады. Атап айтқанда, Владимир Путин 2030 жылға қарай шығарындылар 70%-ға төмендейтінін айтты
Қазақстанға келетін болсақ, ол өз стратегиясын 2021 жылдың қыркүйегіне қарай ұсынады деп үміттенемін, — деп атап өтті Есекина.
Бірақ көміртегі шығарындыларын азайту ел экономикасына елеулі құрылымдық өзгерістер енгізуді талап етеді.
— Қазір әлемде жаңартылатын энергия көздері бағытында қозғалыс жүріп жатыр. Соңғы жылдары көмірді тұтыну үлесі төмендеуде. Ғалымдар мұнай мен газды тұтынуд да төмендейді және жаңартылатын энергия көздері пайдаланылады деп болжайды.
Тағы бір маңызды бағыт — энергия тиімділігін арттыру. Мемлекеттер, ең алдымен, өздерінің ішкі ресурстарына — бүгінде Ұлттық өнеркәсіп энергия үнемдеу саясатын қаншалықты жүргізе алатынына назар аударуы керек.
“Жасыл экономика” тұжырымдамасына сәйкес,
бүгінде Қазақстанда жаңартылатын энергетика үлесі 3%-ды құрайды. Міндет: 2030 жылға қарай — 10%, 2050 жылға қарай — 50%.
Оның айтуынша, “жасыл” технологиялар көміртексіздендірудің (көмірқышқыл газының (СО2) шығарылуын азайту — ред.) негізгі бағыты болып табылады. Сондықтан Қазақстанда үш жылдан бері “Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы жұмыс істеп жатыр. Ол жаңа саясаттың жетекшісі.
– “Жасыл” технологияларды енгізу процесі қарапайым емес – ол толықтай қайта құруды және Қазақстанның технологиялық саясатымен синхрондауды талап етеді. Көміртексіздендірудің тағы бір бағыты — көміртегі саудасы және экономикалық механизмдерді енгізу. Ең алдымен, әрине, бұл көміртегі салығы, ол бүгінде бірқатар елдерде енгізілген.
Қазақстанда көміртегі саудасы бар. Шығарындыларды азайту және шығарындыларға квоталарды айқындау бойынша төртінші Ұлттық жоспар қабылданды. Өкінішке орай, шығарындыларға квота бізде әзірше тегін таратылуда. Және
көміртексіз дамуға көшу тұжырымдамасының жобасында жазылған маңызды бағыттардың бірі ақылы квоталауға көшу және көміртегі салығын енгізу болып табылады,
бұл шығарындылар жөніндегі ұлттық жоспарға кірмейтін секторларға арналған. Менің ойымша, бүгінде көміртегі бойынша импортқа түзету енгізудің тағы бір жаңа тетігі (CBAM) — көміртегі шығарындыларына әлемдегі алғашқы трансшекаралық тарифті атап өту маңызды. Оны 2023 жылдан бастап Еуропалық Одақ енгізеді.
Бұл “лас” өнімдерді экспорттайтын елдер үшін протекционистік шара бола алады
Ол тарифті енгізу көмірсутек шикізатын пайдаланатын мемлекеттер үшін елеулі ынталандыру болап еді.
Біздің еліміз үшін бұл үлкен сынақ, өйткені
Қазақстан экспортының 70%-ы – мұнай-газ және көмір секторларының өнімі
Эколог ретінде мен CBAM енгізілгеніне өте қуаныштымын, өйткені бұл шара біздің елімізді “таза” технологияларға көшу және баламалы энергетиканы пайдалануға арналған жаңа тәсілдерді енгізу қажеттілігі туралы ойлануға мәжбүр етеді, — дейді Есекина.
Барлық елдердің күш-жігерін бағалау және салыстыру үшін жаһандық климаттық әрекеттерге — немесе INDC-ге қосатын ұлттық үлес жүйесі іске қосылды. Бақыт Есекина сараптамалық бюроның кейбір бағалаулары бойынша Қазақстан үшін бұл жүйені енгізу жеткіліксіз деп мәлімдейді.
— Екінші жағынан, біз білетіндей,
еліміздің аумағы үлкен, жылыту маусымы ұзақ, 70%-ы көмір генерациясы. Мақсатқа жету оңай емес,
алайда бұған Қазақстан Үкіметі тарапынан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі уәкіл ретінде үлкен күш салуда. Әрине, басқа министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ бизнес пен ғылыми қоғамдастықтың да қолдаулары қажет, – деп атап өтті профессор.
Бүгінгі таңда Қазақстан энергия ресурсын өте көп тұтынады.
– Мұның себебі –Кеңес Одағының тарихи мұрасы. Қазақстан оның шикізат берушісі болған, республика аумағында өндіруші салалардың барлығы дерлік орналасқан. Бірақ энергия сыйымдылығын төмендетудің оң үрдісі бар.
Әр жылдары ЖІӨ бірлігіне энергияны пайдалану қарқындылығы
Бұл экономиканы толық қайта құрудың нәтижесі емес. Бірақ бұл экономикалық өсудің біршама төмендеуіне әкелді. Айта кету керек, Қазақстанға ұмтылатын мақсат бар. Біздің көршілеріміз – Өзбекстан мен Ресей, сондай-ақ Украинада энергия тұтынудың төмендеуі әлдеқайда жылдам жүріп жатқанын көріп отырмыз.
Көміртексіз дамуға көшу тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігін негіздеу үшін жан басына шаққандағы CO2 шығарындылары жиі қолданылады.
Жан басына шаққандағы CO2
Слайдта ЭЫДҰ елдерімен салыстырмалы динамика келтірілген (37 мемлекет — ред.). Өкінішке орай, біздің елде төмендеу динамикасы әлі жоқ. Бұл пилоттық жоба болатын және “Жасыл Академия” оны сәтті орындады. Нәтижелері 2019 жылы Үкіметтің Жасыл экономика жөніндегі отырысында көрсетілді. Ол ҚР Статистика агенттігінің сайтында да бар.
Бүгінде ҚР халқының жан басына шаққанда 22 тонна СО2 сәйкес келеді (салыстыру үшін, ЭЫДҰ елдерінде – 9 тонна)
Қандай үлкен айырмашылық! Осы деңгей бойынша Қазақстан әлемнің “лас” елдерінің төрттігіне кіреді.
Салалар бойынша шығарындылар
Және әр түрлі салалар бойынша шығарындыларға қатысты айтатын болсақ:
– деп атап өтті Есекина.
Есекина “жасыл” технологияларға көшу процесі ашық болуы тиіс деп есептейді. Ал
деректердің бұрмаланбауына блокчейн технологиясы көмектесе алады. Кәдімгі дерекқордан айырмашылығы, бұл дерекқордағы жазбаларды өзгерту немесе жою мүмкін емес, тек жаңаларын қосуға болады
Бірақ егер сіз алға қарай дамитын болсаңыз. Ал ең алдымен Қазақстанның экологиялық дамуының ұлттық тұжырымдамасының жобасы (талқылауға арналған құжат — ред.) қажет. Есекина оны 2021 жылдың маусым айында дайын болады деп күтеді.
— Бірақ Қазақстан өңірлері мен компанияларға лайықты негізгі тәсілдердің әзірленуін күтудің қажеті жоқ. “Жасыл” экономика қағидаттарын өзіңде ілгерілетуді бастауың керек. Мен білемін, ҚР-да жұмыс істейтін трансұлттық компаниялардың көптеген өкілдері, соның ішінде Shell компаниясы да өз тәсілдерін әзірледі. Меніңше, бұл тәжірибені әрбір бизнес пен ведомствода пайдалану керек, – деп қорытындылады Бақыт Есекина.