Көмір үшін бір-бірін соға-моға тірескен көліктер туралы жаға ұстатарлық желідегі видеоның Қазақстанның қай қаласында түсірілгені белгілі болды.
Оңтүстік Қазақстан облысында көмір тапшылығы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасына сілтеме жасап.
«Көмір тапшылығы жоқ, Түркістандағы көмір тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге арналған көмір қалдығы 1400 тоннаны құрайды. Бұл жергілікті тұрғындардың жылуға қолданып отырған көмірі.
Көмір қоры облыстың басқа қалалары мен аудандарында да жеткілікті. Өңірге 261 вагон көмір келе жатыр. 40 вагоны келіп қойды, оның 21 вагоны тұрмыстық-коммуналдық , 19 вагоны энергетикалық қажеттіліктерге жұмсалады»,-деді басқарма мамандары.