Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Коми Трампқа тағы тиісті

Тыңдау алдындағы кіріспе сөзінде Коми президенті Дональд Трамптың FBI-де үлкен мәселелер туған соң өзін қызметтен алғаны туралы мәлімдемелерін “өтірік” деп сипаттады. Коми президент Трамп болашақта өздерінің қарым-қатынасы туралы “жалған сөйлеуі мүмкін деп қауіптенгендіктен” әңгімелерінің мазмұнын қысқаша жазып отырғанын айтты.

“Ресейге қатысты істі тексеру тәсілім оған (президент Трампқа – ред.) салмақ түсіріп, қитығына тигесін жұмыстан шығарылдым деп білем” деді Коми.

Трамп FBI-дің бұрынғы басшысының хатына қатысты әзірше пікір білдірген жоқ. Оның адвокаты Марк Касовитц президент өзін арнайы қызмет орындары оның әкімшілігі мен Ресейдің ықтимал байланысын тексеруге қатысты зерттеу объектісі деп танымайтынын Комидің растағанына разы екенін хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз