Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Көмектесіңіздерші!”. Жансақтау бөлімінде жатқан баланың әкесі халықтан көмек сұрады

Кішкентай, үмітім жансақтау бөлімінде жатыр. Мен одан айырылып қалмауым керек. Денсаулық сақтау минитсрі Елжан Біртановтан, кімнен болсын осы балалаларды аман сақтап қалса екен деп көмек сұраймын.

Себебі екінші рет біреуден айырылу өте ауыр болады. Балалар ештеңеге кінәлі емес. Олар өмір сүруі тиіс. Олардың өмір сүретініне сенеміз», – деді ол.

 

https://kaz.365info.kz/eki-ajel-olimi-tergeu-zhyrip-zhatyr-balalar-zhansakhtau-boliminde-321660

Нәрестенің әкесі мемлекет көмегіне сенетінін, балалардың тірі қалуы үшін көрші елдерден болсын мамандар шақырса деген ойын жеткізді. Ал өлім себебі туралы әзірге ештеңе айта алмайды.

«Денсаулық министрлігінің өз құрылымы болады, жұмыстары бар. Мен бұл туралы пікір білдіре алмаймын, себебі қазіргі жағдайымда ештеңе дей алмаймын.

Не үшін бұлай болды, себебі қандай дегенге жауап тауып, осы іспен объектиівті түрде айналысса деймін», – деді көз жұмған әйелдің жолдасы.

Оның айтуынша, әйелінің денсаулығы өте жақсы болған. Жүктілік кезінде де ешқандай проблема туындамаған. Ол әйелінің өз денсаулығына мұқият қарағанын айтады.

«Әйелім босанғанда серігі болдым. Қызымды күніне бес-алты рет көтеріп жүрмін. Үлкен қызым 2,5 жаста», – деді әке.

Ол балалар жарық дүниеде қалуы үшін кез келген адамның көмегіне зәру екенін жеткізді.

«Көмекті бәрінен сұраймын, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтан көмек сұраймын.

Қандай дәрігер керек, дәрі керек соның бәрі оларда бар. Балалар туылғалы жан сақтау бөлімінде қиын жағдайда жатыр. Елдің бәрінен көмек сұраймын, Елбасыдан да сұраймын.

Кішкентай нәрестелер өмірді көрсін. Басқа мамандарды алып келу дегендей мүмкіндік болса, бала жақсарып кететін шығар. Олар да өмір сүруі керек қой, сондықтан барлықтарынан көмек сұраймын», – деді ол.

 

https://kaz.365info.kz/meningit-pe-astanada-eki-ajel-khajtys-bolgan-perzenthana-bolimi-zhabyldy-321599

Сөз соңында Сапар Әміртай осы жағдайға қатысты ІІМ-ге арыз жазғанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз