Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-11
USD
422
+0.07
EUR
512
+0.04
RUB
5.61
+0.02

Коллекциялық монеталар айналымға шығады

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«С. Айтбаев «Бақыт» монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясын жалғастырады.

Монеталардың сырт жағына суретшісі, Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Салихитдин Айтбаевтың «Бақыт» картинасының миниатюрасы бейнеленген.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық аймақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтының интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз