Ақтөбе облысында өртенген көліктің ішінде қалып, көз жұмған 10 жастағы қыздың өлімінің егжей-тегжейі белгілі болды. Қайғылы оқиға 27 тамыз күні Хромтау ауданында болды. Жеке тұрғын үйдің ауласында тұрған ВАЗ көлігі өздігінен өртеніп, ішіндегі отырған 10 жастағы қыз көз жұмды.
Ауылдық округ әкімдігінің мәліметінше, отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Марқұм қыздың анасы мектепте мұғалім, әкесі жергілікті кен орнында жұмыс істейді. Отбасында үш бала. Үлкені жақында отбасын құрса, екінші ұлы мектеп оқушысы, ал марқұм 10 жастағы қыз ауруына байланысты үйден оқып жүрген.