Көкшетаудағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 22 жастағы жігітті әлдекімдер өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Қазір жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Сол себепті оқиғаның нақты қай ойын-сауық орталығында болғаны әзірге белгісіз.
«Небәрі 22 жаста болған жас жігіт үйлену тойы күні көз жұмған. Полицейлер бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін түсіндірді. Туыстары өз кезегінде қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады. Ақмола облысының әкімі бұл істі өз бақылауына алғанын қалаймыз», – делінген желіде тараған ақпаратта.