Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Көкшетауда зорлықтың құрбаны болдым деген бойжеткен жалғыз өзі наразылыққа шықты

Осылай деп ашынған Наталья депутаттан зорлық көргенін қалай да дәлелдеуге бар күшін салмақ. Зеренді аудандық сотының шешіміне қарсы шағым түсіріп үлгерген адвокаты да әйтеуір шындықтың бір ашыларына сенімді.

“Джейрановты сот ақтап шығып, өзінің әділетсіздігін, дәрменсіздігін көрсетті. Біздің қолымызда Қазақстандағы ең білікті сарапшылардың генді-молекулярлық сараптама қорытындысы бар. Судьяның қандай болжаммен осындай шешім қабылдағаны түсініксіз”, – дейді адвокат Владимир Филипенко.

Наталья кәсіпкердің жеке шаруашылығында есепші болып істеген. Ауыл шетіндегі кеңсенің бір бөлмесінде тұратын оған бастығы кешқұрым жұмысын сылтауратып келіп бас салған көрінеді. Сандықтау аудандық мәслихатының депутаты, өңірге белгілі ірі кәсіпкер Алексей Джейрановты ол содан бері заң алдында жазалай алмай жүр.

Буланованың облыстық сот ғимараты алдындағы наразылық шарасы екі сағатқа созылды. Бірақ осы уақыт ішінде сот қызметкерлерінен наразылыққа назар аударған ешкім болмады. Ал, арым тапталып, намысым қорланды деген ол әділдікке жетпейінше тоқтамаймын деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз