Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көкшетауда үйін жынойнаққа айналдырған келіншек ана құқығынан айырылды

Қала көшелерін жағалап, қаңғырып жүрген төрт бала полицейлердің назарына тамыз айында іліккен. Ата-ананың қарауынсыз қалған бүлдіршіндер далада түнеп, бірнеше күн жолдан тапқандарын азық етіпті. Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің мамандары төртеудің үшеуін уақытша кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жіберсе, Анжеликаны ауруханаға табыстапты. Өйткені, ол тым аурушаң еді. Қарны тойып тамақ ішпегендіктен салмағы бар-жоғы алты келіге жуық болатын. Аурухананың тамағын жеп, 4 айға жуық мамандардың қарауында болған бүлдіршіннің уақыт өте беті бері қарады.

«Бір жарым жастағы баланың салмағы 10 килограмм болуы тиіс. Ал, Анжелика бізге түскен кезде, бар жоғы 5 килограмм 900 грамм болатын.

Қазір салмағы 7 килограммға дейін жоғарылады. Денсаулығында еш кінәрат жоқ. Жасына сай дамып келеді», Ақмола облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Виктория Пичкунова.

Мамандардың айтуларынша, балалардың анасы ішімдікке әуес. Балалардың материалдық жағдайына да, оқу үлгерімдеріне де қызығушылық танытпаған көрінеді. Одан қалды, бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Осыларды ескере келе сот әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдады.

«Соттың шешімінен кейін төрт баланың үшеуі балалар үйіне орналастырылды», дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Жанна Хабибулина.

Ал кішкентай Анжелина болса, келесі апта сәбилер үйіне жіберіледі. Ал, балаларының болашағына мүлдем алаңдамайтын ана оларды іздемеген екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз