Көкшетауда сот төрешісі Жанна Бердіғұлованы өлтірді деп айыпталған Медет Əбдрахманов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге салсақ, маусымның 15-і күні Ақмола облыстық қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасының төрайымы Жанна Бердіғұлованың денесі өз үйінен табылған болатын. Іле-шала 33 жастағы Көкшетау тұрғыны тұтқындалды.
Бүгін Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында бұл істің соңғы нүктесі қойылды. Күдікті Медет Əбдрахмановты сот кінəлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Оған қоса, сотталушының зардап шеккен тарапқа моральдық жəне материалдық шығынның орнын толтыру үшін 10 миллионнан астам теңге өтемақы төлейтіні туралы шешім шығарды.