Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Көкшетауда өздерін өзі тонаған фирма қызметкерлері ұсталды

112

Ведомствоның дерегі қарағанда, желтоқсанның 7-і күні Ерейментау аудандық полиция бөліміне «Павлодар-Астана» тасжолының бойында қарақшылық шабуыл болғаны туралы жедел ақпарат түскен.

Зардап шегуші, яғни, Көкшетау қаласындағы жеке меншіктегі ұйымның сауда өкілінің түсініктемесі бойынша, мемлекеттік нөмірі жоқ көлікке отырған бейтаныс біреулер оның көлігін тоқтатқан және мылтыққа ұқсас қарумен қорқытып, фирмаға тиесілі 5 миллион теңге ақшасын алып тайып тұрған. Қарақшылық қылмысқа байланысты ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігі (қарақшылық) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

«Күдіктілерді үстау үшін арнайы топ құрылып, жедел іздестіру бойынша кешенді шаралары жүзеге асырылды. Алайда, тергеу амалдары кезінде кейбір сәйкестіксіздер орын алып, олар нақтылы тексерілді. Нәтижесінде полицейлер мән-жайды анықтай келе, ер адам қарақшылық шабуылды өзі ойластырғанын анықтады.
Кейін зардап шегуші мен оның екі танысы ұсталды. Танысының бірі сол фирманың жұмысшысы болып шықты. Күдіктілер өздері ұйымның ақшасын жымқырып, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін полицияға қарақшылық шабуыл туралы жалған хабар берген», -дейді полицейлер.

Қазіргі кезде күдіктелер уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, олардың үстілерінен ҚР ҚК 88 бабының 4 бөлігі (ұрлық) және ҚР ҚК 419 бабы (жалған мәлімет беру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз