Әнші Сәкен Майғазиев досы Жанболат екеуін он шақты жігіт қан жоса қылып ұрып, аяусыз соққыға жыққан күндерін еске алды. Олар қыздарды бұзақылардан қорғамақ болған әншілердің быт-шытын шығарған.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Әлбетте, бұл ұмытылмас шақтарды жұлдыздар қазір жымиып қана еске алады.
“Бір күні Жанболат екеуміз отырсақ есікті тақылдап әкетіп бара жатыр. Басқа бөлменің, естіп қалдық. Сыртқа шықсақ бір жігіттер топырлап қыздардың есіктерін теуіп жүр екен біздің. Жанболат екеуміз барып, ей сендер кімсіңдер деп білегімізді түріп, екеумізді быт-шыт қып сабағаны бар ма?!
«Физкультурныйдың» жігіттері аямай, көк-ала қойдай ғып сабап екеумізді, быт-шыт қылып, он шақты бала. Қайдан білейін, Жанболаттың күшіне сендім ғой мен”, – дейді «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев.
Сәкен Майғазиевтің таяқ жеуінің бас-аяғы бұл емес. Студенттік досы Жанболат Ербатыровпен жүріп, қан-жоса төбелестің талайын көргенді.
https://kaz.365info.kz/saken-majgaziev-bylaryn-khalaj-263108
“Жанболаттың туған күнінде міндетті түрде төбелес болатын. Бір күні шештік, Жанболат давай еш жерде тойламаймыз, өзіміз жатақханада өзіміз ғана отырайықшы, екі жыл қатарынан төбелес болып келе жатыр ғой, сенің туған күніңде, енді осы үшінші жылы өзіміз ғана отырайықшы деп, өз-өзімізбен төбелесіп қалғанбыз”, – дейді «Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев.