Қазақстан мен Ресей шекарасында пойыз жолсерігінің купесінен ешқандай құжаты жоқ көгершіндер табылды.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құс немесе үй жануарын жолаушылар көлігінде ветеринарлық сертификаты болғанда ғана алып жүруге болатынын баса айта кетелік.
Ақтөбе шекарасындағы „Жайсан теміржолы„ өткізу пунктінде „Алматы-Орал„ пойызы вагонының 42 жастағы жолсерігі ұсталды, оның купесінен ветеринарлық сертификаты жоқ 5 көгершін табылды.