Нұр-Сұлтан
Қазір
-18
Ертең
-25
USD
460
-1.59
EUR
496
-3.61
RUB
4.93
-0.10

Климаттық саммит: оптимизмге себеп бар ма?

Фото: Charles Platiau / Reuters

Ауқымды форум “сағаттарды салыстыруға” және қазіргі кезде мемлекеттердің климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелерін шешуде қаншалықты ілгерілегенін бағалауға мүмкіндік берді.

Саммитті өткізу АҚШ-тың халықаралық сипаттағы мәселелерде жаһандық көшбасшылықты қайтаруға ұмтылысы тәрізді болды. Вашингтон “қоңырдан” “жасыл” экономикаға ауысу бойынша әлемдік күш-жігерді басқаруға ниетті, осылайша протекционизм саясатынан бас тартуды іс жүзінде жүзеге асырады.

Сондықтан форум алаңында Вашингтон өзінің айналасына жаңа өршіл жаһандық климаттық күн тәртібін бастауға дайын пікірлестерді біріктіруге тырысты.

Жаңа бастамалар

Саммит форматы нақты және жан-жақты келісімдерге қол жеткізуді көздемесе де, бірқатар мемлекеттер парниктік газдардың шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелерді кеңейтуге ниетті екендіктерін жариялады.

Саммит иелері үн қосты. Президент Джо Байден АҚШ-тың 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 2005 жылмен салыстырғанда кем дегенде 50%-ға төмендетуге ұмтылып отырғандарын растады.

Климаттық саммитке дейін ЕО одан да өршіл мақсатты — 2030 жылға қарай СО2 шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 55%-ға азайтуды ұсынды.

Ұлыбритания да 2030 жылға қарай шығарындыларды 78%-ға дейін азайту жөніндегі міндеттемелерін жаңарта отырып, СО2 шығарындыларын азайту мақсаттарына қатысты өз ниетін білдірді. Жапония жоғарғы шекті 26%-дан 46%-ға дейін, Канада 30%-дан 45%-ға дейін көтерді.

Алайда, қытай мен Үндістан сияқты парниктік газдардың ірі эмитенттері орта мерзімді болашақта көміртегіден тәуелсіздікке көшу стратегиясын айтуға дайын болмады. Осылайша, Қытай 2030 жылға дейін парниктік шығарындылар өсетінін ашық жариялады, ал Үндістан осы уақытқа дейін ЖІӨ-нің көміртегі сыйымдылығын 33-35% төмендетуге уәде берді.

Көмірсутектер өндірісінің әлемдік көшбасшылары Ресей мен Сауд Арабиясы қазба отынын экспорттауға негізделген экономикалық модельден ауысатын ниет білдірген жоқ.

Эр-Рияд 2030 жылға қарай елдің энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесін 50%-ға жеткізетін ниеті туралы ғана мәлімдеді. Өз кезегінде Мәскеу СО2-ні азайту бойынша бастапқы жоспарларын өзгеріссіз қалдырды, сонымен бірге төмен көміртекті көздерден электр энергиясын өндіру үлесін арттыруға уәде берді.

Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары өзінің геосаяси бәсекелестерін неғұрлым белсенді “жасыл” саясат жүргізуге көндіруге тырысады деп күтуге болады. Осылайша, американдық көшбасшы Джо Байденді

“Владимир Путиннің көмірқышқыл газының шығарылуын азайту жөніндегі әлемдік қоғамдастықтың ынтымақтастығына шақыруы қуантты»

Сонымен қатар, АҚШ Қытай және Үндістанмен климаттың өзгеруіне қарсы күрес аясында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісмге келе алды.

Өзгерістерден қашып құтыла алмаймыз

Ұлттық экологиялық стратегиялардың әртүрлі жылдамдықта іске асырылуына қарамастан, әлемдік көшбасшылардың айтар ойлары бір – климаттың өзгеруінен туындайтын жағымсыз әсерді жоққа шығару мүмкін емес.

Экологиялық күн тәртібіндегі мәселелерге басымдық беру одан әрі де жүргізілетін болады. Экономикалық стратегиялардың төмен көміртекті өнімдер өндірісіне көшу саясатымен өзара байланысы халықаралық сауданың жаңа трендіне айналуда.

“Көміртегі тарифін” және “көміртегі квоталарын” қолдану тәжірибесі жаңа экономикалық шындыққа айналып, кеңінен таралды. Осылайша, ЕО-да іске асырылатын квоталар саудасы жүйесі әлемдегі ең ірі болып табылады және жылына 51,4 млрд еуродан астамға бағаланады.

Еуропада шетелдік жеткізушілердің өнімдері үшін “көміртегі ізіне” салынатын салықты енгізу өндірістің барлық процесінің өзгеруіне ықпал етеді, әсіресе егер сөз мұнай және табиғи газ, болат, мұнай-газ химиясы өнімдері және пластмассалар тәрізді тауарлар туралы болып отырса.

Әлемдік экономикалық жүйенің бір бөлігі бола отырып, Қазақстан ағымдағы өзгерістен тыс қала алмайды

Қазіргі уақытта елде 2050 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы әзірленуде, ол “жасыл” даму бойынша да, ұлттық экономиканы тереңнен көміртексіздендіру бойынша да тиісті шараларды қамтитын болады.

Қазақстанның 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%-ға қысқарту ниетіне адал болып қалатынын атап өту қажет. Қазірдің өзінде елімізде жаңартылатын энергетика әлеуеті артып келеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша елдің энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі 3%-ды құрады, бұл “Жасыл” экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманың нысаналы индикаторларына толық сәйкес келеді.

Авторы: Лидия Пархомчик, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы (ӘЭСИ)

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз