Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Кітабымды оқыған соң ажырасып кетті…”. Баян нені уағыздап жүргенін айтты

178

Сұқбаттың негізгі мақсаты да осы фильмді насихаттау болған секілді. Дегенмен Баянның жеке өмірі сұқбаттан тыс қала алмады.

– Кітапты елдің қатыны ажырассын деп жазған жоқпын ғой. Бірақ солай болғаны рас. Кітабымды оқыған соң ажырасқан адамдар болды, тіпті ішінде өз таныстарым да бар.

Бізде адамдардың көбісі елдің сөзіне қарап, туған-туыстарының қас-қабағын бағып, балалары үшін өзін күштеп өмір сүріп жатады, әрине бұл жақсы емес. Ал өзі үшін қалай, өмірін өзі қалай құрғысы келеді? Ол туралы ойлаудың өзі артық секілді. Міне, біздегі әйелдің басты қателігі осында.

https://kaz.365info.kz/bayan-esentaeva-khydagi-atanbakh-291106

Өз басым, елдің сөзіне қарамаймын. Біреу үшін кумирмін, тағы біреу үшін ешкім емеспін. Міне, осы екі аралықты мен бөліп-жармаймын. Екеуіне де бірдей қараймын. Өйткені әр адамның өзіндік пікірі, өз ойы бар, мен оған сыйластықпен қараймын. 20 жылдық жұмыс тәжірибемде мадаққа да, негативке де пысқырмайтын болып үйреніп алдым. Сен бірнәрсе істеп жатсаң саған не тас атады, не болмаса аяғыңды жерге тигізбей мақтайды. Мысалы, мен кино түсіруді қойсам, қызықты болмай қалам, халық мені ұмытып кетеді. Міне, бұл танымалдылықтың, атақты болудың, менің жұмысымның кері беті. Болды, басқа түк жоқ. Сондықтан сын да, мадақ та бар кезде мен де бармын.

https://kaz.365info.kz/bayan-makhsatkhyzy-mal-khorada-tynep-shykhty-290928

Сұқбатында Баян Алагөзовтің ажырасқанын растады.

– Ресми түрде сот шешімімен ажырасты. Осы нәрсе біздің некемезді заңды түрде тіркеуге кедергі келтіріп жүрген. Ал енді оған уақыт болмай тұр.

Кезінде „Осторожно, корова„ деген фильмге түсемін деп 4 жылда әрең есімді жиғанмын.

Содан соң енді фильмге түспеймін деп едім. Бірақ өмір болған соң бәрі болады. Қазіргі образым маған қатты ұнайды. Ол өте еркін, ерке әйел.  Оған бәрі болады. Бұл образда жүрген маған ұнады. Өмірде тура ойына келгенніңді істей алмайсың ғой…, – дейді Баян Мақсатқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз