Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы қиынның қиыны

136

Яғни шама-шарқына қарай жайлы баспанасы, тұрақты жұмысы һәм табыс көзі, зейнет пен мұқтаждық жәрдемақысы бар; жылына кем дегенде бір мәрте шетке шығып келе алатын еркіндігі бар; аптасына аз дегенде бірнеше мәрте жаны жақын адамдармен ойын-сауық орталықтарына, я саяси-әлеуметтік клубтарға барып тұратын жағдайы бар; мәдениет пен спорт саласындағы хоббиін дамытатын, ғылым саласындағы талабын ұштайтын әрі ләззат алатын мүмкіндігі бар; бойдақ болса, басына жететін, отбасылы болса, бала-шағасына жететін, зейнеткер болса, күтіміне жететін қоры бар адам ғана туған-туыс һәм дос-жаранмен қарым-қатынаста да, билікпен қарым-қатынаста да ойын бүкпей айтатын шыншыл, анық азаматқа айналады.

Өркениетті режимдер заңның үстемдігін орнату арқылы халқына осындай саяси-экономикалық азаттық әпереді. Ал қудалаушы режимдер заңнан үстемдігін орнату арқылы халқына бас көтертпей, кішігін – ұлығына, адалын – арамына, әділін – әккісіне, маманын – мансапқорға, кәрісін – жасына кіріптар етіп қояды. Кіріптар адамның шын сөйлеуі, шын іс қылуы, әрі беріден соң шын өмір сүруі қиынның қиыны. “Кісінің қолына қарағанның күні құрысын” дейді қазақтың бір мақалы. Рас сөз.

 

Ғалым Боқаш

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз