Нумеролог Клара Күзденбаева Димаштың қазір қиын кезеңді бастан кешіп жатқанын айтты. Әрине, бұған сену қиын. Танымалдылықтың шыңына шықты, нағыз феномен деген аты бар. Жанкүйерлері қайда барса да алдынан шыға келетін, өнерін ерекше құрметтейтін көрермені тағы көп.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Қазір Димаштың өмірінде қиын кезең басталды, ол бірнеше жылға жалғасады. Бірақ бұл дегеніңіз, ол қол қусырып, ештеңе істемей отыру керек деген сөз емес. Мен үнемі айтамын, нашар кезеңнен жақсысын жасап шығару керек. Сондықтан Димашқа көп еңбектену керек», – деген Клара Күзденбаева Димаштың 37 жасында тағы да халықаралық танымалдылыққа ие болатынын айтты.
Бұдан өзге, Күзденбаева Димаштың жеке өміріне қатысты болжам жасады.
“Қазір Димаш 23 жаста, 24 жасында оның жеке өмірінде өзгерістер болады. Димаш өте сақ адам, сондықтан да оған нумерология бойынша үйленген дұрыс. Неге? Себебі, оған бірінші кезекте энергияға толы қыз қажет. Ол ару жинақы, пысық әрі Димашты биікке жетелей алатын қыз болуы керек. Ол жолы болғыш болса жақсы. Нумерологиясында кемі бір 8 саны болса, ол Димашқа сәттілік алып келер еді. Себебі оның бағдарламасында сәттілік жоқ. Яғни оған ештеңе аспаннан түспейді. Димаш бүгінгі биігіне тек таланты мен еңбегінің арқасында жеткен”, – деп түсіндірді Клара Күзденбаева.