Халықтың көзі өткір. Бірін алдасаң, бірін алдай алмайсың. Осы қағиданы Абай Бегей білмей қалды -ау…
Абай Бегейдің жаңа бейнебаяны 80-жылдардың жастарын өткенге деген сағынышын біраз басатын сияқты. Әннің аты -“Ностальгия”, сол баяғы декорация, тор костьюм-шалбар, жалпылама айтқанда өткенге саяхат стилінде болмақ.
Бишінің түрін көрсетпей жариялаған видеосынан халық бір шикіліктің барын сезіп қалды. “Негізі көп билемеуші едім. Би жағы қалай?” деп жазғанымен, бейтаныс бишінің дене бітімі де, қозғалыс қимылы да әншіге ұқсамайды.
Оқырмандар бірден биді дублердың орындап тұрғандығын байқап қалды.
Абай мырза бәлкім халық көзінің өткірлігін тексерейін деген шығар. Бірақ, дәл осындай сынның астында қаламын деп ойламаса керек.