Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ким Чен Ын әскерилерге кез келген сәтте соққы жасауға дайын болуды бұйырды

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің салған санкцияларына қарамастан, КХДР зымырандарды ұшырудан бас тартпай отыр. Бұған сылтау ретінде АҚШ тарапынан болуы мүмкін басқыншылық әрекет. Өткен аптада екі ел бір-біріне сес көрсетіп, қорқытуға тырысқан.

ҚХДР-дың Орталық телеграф агенттігінің мәліметі бойынша, Солтүстік Кореяның әскерилері Гуам аралындағы және Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі АҚШ әскери базаларына соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Гуамға Солтүстік Корея тарапынан қандай да бір қауіп келсе, КХДР-ды ешкім ешқашан көрмеген жағдайға жеткіземін деп уәде берген. Гуам аралдарында америкалық Андерсен әуе базасы және Апра-Харбор әскери теңіз базасы орналасқан.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз