Ит жылында дастарханда етті тағамдардың мол болғаны дұрыс. Ал киім таңдауда сары, қара және қоңыр түстерге басымдық берілуі керек.
Астрологтарға хабарласқан “Хабар-24” телеарнасы осылай дейді.
Ит – өте адал және сабырлы жануар. Сәйкесінше оның жылы да барынша тұрақты болады. Әсіресе басына бас қосып, шаңырақ құрамын деушілерге өте жайлы жыл болғалы тұр екен.
– Отбасы – келер жылдың басты символы. Сондықтан ит жылында басы бос қыз-жігіттердің көбі өз жұптарын тауып, жанұя құрады. Ал көптен бері бала күтіп жүргендер сәбилі болады. Иттің етті өте қатты жақсы көретіндігі белгілі. Сондықтан мамандар дастарханға етті тағамдарды молынан қоюға кеңес береді.
Ал киімге қатысты сәнге табиғи қанық түстер қайта келеді.
Аида Қауменова, дизайнер:
– Қазақтардың барқыт матадан жасалған киімді бұрыннан ерекше жақсы көретіні белгілі. Міне, дәл осы бағыт қазір сән әлемін жаулай бастады. Ал алым-жұрым джинсыдан жасалған киімдер біртіндеп қолданыстан шығып қалады.
Бұған қоса дизайнерлер жаңа жылдық шыршаны ашық қызыл, сұр және сары шарлармен безендіруге кеңес береді.