Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Киімімді тесіп кетті…”. Өскеменде мас әйел әскери жасаққа пышақ ала жүгірді

133

«Мұның бәрі аяқ астынан болды. Басында оның әрекеттерін түсініп үлгермедік. Өзімізді таныстырып, хал-жағдайын сұрап тұрғанымызда ол пышақ  ала жүгірді. Бәкінің ұшы әскери киімімді тесіп кетті.

Осыдан кейін қасымдағы сарбаздарға оны ұстауды бұйырдым. Оны шалып құлатып, суық қаруын тартып алдық» – дейді Виктор Маслов.

Әскери жасаққа шабуылдаған әйелдің С.О. Ильченко деген азаматша екені белгілі болған. Ол бұған дейін террорлық акт туралы жалған ақпарат бергені үшін және ұсақ алаяқтық үшін екі рет сотталған екен.

Наркологиялық тексеру барысында әйелдің орташа деңгейде мас екенін анықталды.

«Мұндай сәтте оқиғаны дұрыс бағалай білу керек. Нәзік жанды екен деп, сақтықты жоғалтуға болмайды. Қолында суық қаруы бар адамның бәрі қоғам үшін қауіпті.

Біздің жасақ сол қауіпті өздеріне қабылдап, мас әйелді дер кезінде тынышталдырды» – дейді №5518 әскери бөлімнің батальон командирінің орынбасары Нұрлан Бәшенов.

С.О. Ильченко Үлбі полиция бөліміне табысталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз