Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Киевте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізді. Іс-шараның қосымша ұйымдастырушылары:

Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (АБҚО);

Украина тарапынан – Украинаның ұлттық стратегиялық зерттеулер институты (ҰСЗИ), Kievstratpro сараптамалық платформасы.

Сондай-ақ, іс-шараны Халықаралық Түркі академиясы (ХТА) қолдады.

Конференция аралас форматта өтті. ZOOM арқылы Киевтегі «алаңмен» ҚСЗИ, АБҚО, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА), Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығы (Н.Ә.Назарбаев орталығы), «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығы, сондай-ақ жеке қатысушылар байланыста болды. Барлығы шамамен 150 адам.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев конференцияны аша отырып Қазақстан мен Украина арасындағы тарихи қалыптасқан достық қарым-қатынастарды атап өтті. Экономикалық байланыстардың біраз құлдырауынан кейін бүгінгі таңда қалпына келе жатқан динамика байқалады. 2020 жылы сауда айналымының көлемі 750 млн. долл. құрап, «түбіне» құлағаннан кейін  – биылғы жылы 1 млрд. долл. асуы мүмкін деп күтілуде.

Бизнес қоғамдастықтың, сараптамалық құрылымдардың, масс-медианың ерең жұмысының нәтижесі бұрын болған 5 млрд. долл. және одан жоғары өзара сауда көрсеткіштерінің қайтып оралуынажәне асып кетуіне алып келуі мүмкін.

Сауда серіктеске деген сенім мен сенушілік болған кезде дамиды. Елші болашақ этникалық топтасу қағидаттарына негізделген мемлекеттерде екенін, бұл саяси ұлттың өміршеңдігінің маңызды факторы екенін атап өтті.

Аталмыш конференцияның ерекшелігі – алғаш рет қазақ-украин тілдік форматында өткізілуі. Қатысушыларға өздерінің ұлттық тілінде сөйлеуге мүмкіндік берілді. Бұл ретте ілеспе аударма қамтамасыз етілді.

Конференция жұмысына көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Қазақстан мен Украинаның жетекші сараптау орталықтарының жетекшілері – НИСС директоры Александр Богомолов, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Журинов, Украина Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Олег Рафальский, Украина тарихы институттарының директоры Валерий Смолий, Қазақстан тарихы және этнологиясының директоры Зиябек Кабулдинов, Украин археологиясы және деректану бөлімінің директоры Георгий Папакин, Қазақстан Республикасының Тарих және мемлекет институтының негізін қалаушы Бүркітбай Аяған, сондай-ақ Украина Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану институты директорының міндетін атқарушы Виктор Киктенко, Жоғарғы Раданың Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыстар тобының жетекшісі Сергей Нагорняк, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы мен Айдос Сарым, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Маджидли Физули, Киев және Еуразия ұлттық университеттерінің ректорлары Владимир Бугров пен Ерлан Сыдықов, Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясының вице-президенті Олег Топузов. және оның әріптесі – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ екі елдің мұрағат ісін үйлестіруге жауапты басқарма басшылары – Анатолий Хромов пен Қуат Бораш сөз сөйледі.

Сонымен қоса, конференцияға діни диалогты ұйымдастыруға қатысқан лауазымды тұлғалар – Украинаның ұлттық азшылықтардың істері мен ар – ождан бостандығы жөніндегі мемлекеттік қызметінің және Н.Ә. Назарбаев орталығының өкілдері қатысты.

Киевтегі офлайн алаңға Азиялық зерттеулер институтының директоры Сұлтан Әкімбеков, «Стратегия» орталығының басшысы Гүлмира Илеуова, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының басшысы Талғат Қалиев сияқты белгілі қазақстандық сарапшылар қатысты.

Сондай-ақ, Киевке ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина келді. Ол ҚСЗИ мен ҰСЗИ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне тікелей қатысты.

Алматыдан Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы – Лидия Пархомчик байланысқа шықты.

Қазақстан мен Украинаның азаматтық қоғамдарының диалогын қолдау мүмкіндіктері туралы АБҚО төрағасы Лима Диас баяндама жасады.

Аналитикалық құрылымдардың украиндық сарапшылар құрамы да жоғары дәрежелі болды – Разумков орталығы, Украинаның болашақ институты, Strategic group Sofia өкілдері.

Конференция аясында Қазақстан мен Украинаның сараптамалық қоғамдастықтарының өзара іс-қимылына арналған панельдік сессия өтті. Сессия шеңберінде тарих, іздеу және мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру саласындағы нақты жобалар талқыланды. Қазақстан мен Украинадағы ашаршылықтың демографиялық және әлеуметтік зардаптары қарастырылды.

Бизнес қоғамдастықтың өкілдері, атап айтқанда, Тимур Ізбасаров Украинада Қазақстан-Украина Сауда кеңесін құруға қатысты, Украиналық технологиялық компанияның өкілі Евгений Пущик Қазақстан мен Украина экономикаларын декарбонизациялау перспективалары туралы сөз сөйледі.

Жастар зерттеулері туралы Камила Ковязина және посткеңестік қоғамдардың менталды дамуы туралы Есет Есенғараев сияқты әлеуметтанушылар баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, «Мозаика» инклюзивті мектептер желісінің негізін қалаушы Оксана Карбовскаяның сөзі аудиторияны қызықтырды.

Конференцияға Қазақстан мен Украинаның аймақтық жоғары оқу орындары қосылды. Кітап шығарушылар, Украина және Қазақстан Жазушылар Одағы, Т.Г. Шевченконың танымал суреттер топтамасы сақталған Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайын қоса алғанда, шығармашылық сектордың өкілдері шақырылды.

Жалпы, сарапшылар екі елдің сарапшылары арасындағы қарым-қатынастың қарқындылығын арттыру қажеттілігі туралы және бір конференция аясында Қазақстан мен Украинаның мағыналық генерациялаушы топтарының қалыптасқан қарым-қатынас тапшылығы басылмайтыны туралы ортақ пікірге келді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Украина үкіметтеріне 2022 жылы елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде ұсынымдар қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз