Чемпиондар лигасының финалына бір апта қалғанда «Реалдың» екі мыңнан астам жанкүйері сатып алған билеттерін қайта өткізіп тастады. Оған себеп – финал өтетін күндері Киевтегі қонақ үйлер мен хостелдердің бағасы аспандап кетіпті.
Ең арзан деген нөмірлердің өзі бір түнге 1,7-2 мың евро сұрап отыр. Ал мықты отельдер бір түнге 15 мың евро деген баға шығарып алыпты.
Жалпы, бұған дейін финал өтетін қалаларда қонақүйлердің барлығы қымбаттайтын, бірақ бұл жолы Киев бәрінен асып түсті.
The prices for housing for the Champions League Final grew everywhere, but Kyiv is in top pic.twitter.com/4VCd5hCc5q
— TEXTY.org.ua in ENG (@Textyorgua_Eng) May 21, 2018
Бір қызығы, бұл сұмдықты естіген Киевтің қарапайым тұрғындары Facebook арқылы шетелден келген жанкүйерлерді өз үйімізде күтіп аламыз, керек болса – әуежайдан күтіп аламыз деп отыр. Осындай ірі топтардың бірі – Kyiv FREE couch for football fans 26/05/18. «Киевтегі қонақүйлердің масқара бағасына ұрынып қалмаңыздар, жергілікті тұрғындар сізді су тегін өз үйінде қондырады», – делінеді топтың сипатында.
Екі аптада бұл топқа 7 мың адам қосылып, 1,9 мың жазба қалдырыпты.
Guide to 2018 UEFA Champions League Final host city Kyiv https://t.co/5YPADmW8oK#UCLfinal #Liverpoolrealmadrid #KYIV2018 #ChampionsLeagueFinal #LiverpoolLegends2018 #RealMadridLiverpool pic.twitter.com/qPg6F6cLbJ
— Business Ukraine mag (@Biz_Ukraine_Mag) May 19, 2018