Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Кибер шабуылдан қорғанудың 12 амалы

577

Осы орайда, ҚР Аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі аталмыш министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитеті кибер қаскүнемдерге тойтарыс берудің  12 амалын дайындады деп хабарлайды.

Ағымдағы жылы Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тарапынан кибер қауіпсіздікке төнген қатерлер мәселесі туралы жүргізілген әлеуметтік сауал салу мәліметтеріне сәйкес, тұрғындардың басым көпшілігі (67 пайызы) өздеріне қажетті ақпаратты және қызметтерді интернет, оның ішінде, ұшқыр интернет арқылы алады екен.

Зерттеу барысында анықталғандай, азаматтардың 46 пайызы онлайн-қызметтердің ақысын төлеу үшін үнемі мобильдік қосымшаларды пайдаланса, 32 пайызы қажетті анықтамаларды алу үшін «Электронды үкімет» порталының көмегіне тұрақты жүгінеді екен, ал халықтың тағы 31 пайызы интернет-банкингті пайдаланатын болып шықты.

Компьютерлік шабуылдар қоғамның онлайн-қызметтерге деген сенімін жойып, экономикаға кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет жария еткен мәліметтерге сәйкес, соңғы жылда қазақстандықтардың 34 пайызы кибер шабуылдарға ұшырапты. Сонымен қатар, сауал алынған IT саласы мамандарының 61 пайызы өз қызметінде кибер шабуылдардың қатерімен кездесетінін мойындаған.

Сұрақтарға жауап берген қазақстандықтар соңғы жылда түрлі кибер шабуылдарға ұшырапты. Олардың ішіндегі ең көп кездесетіні – зиянды спамның салдары; мұндай қатерге азаматтардың 11 пайызы ұшыраған. Республикамыздың әрбір оныншы тұрғыны компьютерлік вирустардың шабуылын бастан өткерген.

Тұрғындардың 7 пайызының әлеуметтік желідегі парақшалары бұзылған. Респонденттердің осындай мөлшері, яғни, 7 пайызы, банк карталарымен жасалған алаяқтықтарға ұрынған.

Осыған орай, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитет қызметкерлері интернеттегі компьютерлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 12 амал-ережесін бұлжытпай орындауды ұсынады.

  1. Өзіңіздің бағдарламалық қамтамасыз етуге тұрақты түрде жаңартулар орнатыңыздар.
  2. Арнайы лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз етулерді пайдаланудан алшақ болыңыз және сенімсіз көздерден алынған бағдарламалардан аулақ болыңыз.
  3. Ешкімге өзіңіздің парольдарыңызды ашпаңыздар, ал олардың неғұрлым маңыздыларын шифрланған күйінде сақтаңыздар. Комитеттің ұсынысына сәйкес, неғұрлым сенімді парольдер, кем дегенде, 8 белгіден тұру керек және оның әріптер мен белгілердің жиынтығы (!@#$%^&*) ретінде болғаны жөн. Барлық сайттарда бірдей біркелкі парольдерді пайдалануға болмайды. Сондай-ақ парольдерді ара-тұра ауыстырып отыру керек екендігін де естен шығармаңыз.
  4. Операциялық жүйенің кіріктірмелі брандмауэрін ешқашан өшірмеңіз.
  5. Өзіңіздің жүйеңізді болуы мүмкін онлайн-қатерлерден қорғау үшін, вирусқа қарсы қолданыланатын лицензияланған  бағдарламаларды пайдаланыңыз.
  6. Флеш-жинақтаушыны пайдаланған кезде, құралды міндетті түрде вирусқа қарсы күрес бағдарама арқылы тексеріңіз.
  7. Өзіңіз танымайтын пайдаланушылардан файлдар қабылдамаңыздар, сондай-ақ файлдарды EXE, JPG, AVI, CMD кеңейтулері арқылы ашқанда, сақ болыңыздар.
  8. Салынған файлдарды, электрондық поштадағы сілтемерді, әлеуметтік желілердегі жылдам хабарламаларды немесе жарияланымдарды ашу кезінде, жіберген адамды танитын болсаңыз да,  мұқият болыңыздар.
  9. Егер сіз мезі қылатын баннерлік жарнамаға тап болсаңыз, «Келісемін», «OK», «Рұқсат ету», «Мен қабылдаймын», «Жүктеу», «Жалғастыру» және баннерлік жарнаманың одан ары қызмет етуіне келісім беретін тағы басқа түймелерді баспаңыз.
  10. Электрондық пошта хабарламаларындағы сілтемелер бойынша ауыспаңыз және авторлық құқықты бұзатын тегін бағдарламалық қамтамасыз етулерді ұсынатын веб-сайттардан аулақ болыңыз. Сонымен қатар, «тегін» музыка, ойындар, видео жүктеуді ұсынған белгісіз домендік аймақтардан (.ws, .biz жән т.б.) аулақ болыңыз.
  11. Сайттарға тіркелген жағдайда өзіңіздің жеке мәліметтеріңіздің сақталуына мұқият болыңыз және VirusTotal, URLVoid, 2ip.ru, WebInspector және тағы басқалары сияқты сайттардың абыройын бағалайтын қызметтерді, сілтемелердің онлайн-сканерлерін пайдаланаңыз.
  12. Әлеуметтік желілерде өзіңіздің жеке өміріңіз және туыстарыңыз бен жақындарыңыздың өмірі туралы басы артық ақпарат жариялаудан аулақ болыңыз.

Комитеттегілердің айтуынша, осы қарапайым ереже-амалдарды сақтамаудың салдары үлкен өкінішке әкеліп соғуы мүмкін. Өйткені қаскүнемдердің тіміскі әрекеттері тек жеке компьтерге ғана емес, сондай-ақ тұтас серверге, немесе компьютерлік жүйеге зиянын тигізуі әбден мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз