Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызын тәрбиелемек боп телефонын алып қойған әйел түрмеден бір-ақ шықты

Мичиган штатында тұратын әйел сабақ оқысын деп қызының телефонын алып қойған. Алайда әдеттегі тәрбиелеу шарасынан кейін Джоди Мэй қамауға алынды. Полиция қызметкері оның үйіне келіп, ұрлық жасағаны үшін айыптап, қолына кісен салған.

«Бұл мәселе неліктен насырға шауып кетті және бұған қалай жол берілді деген сұраққа жауап алғым келеді. Мен өз баламды тәрбиеледім, не үшін қолыма кісен салды?», — дейді ашынған ана.

Джоди түрмеге жабылды, онда ол бірнеше сағат отыруға мәжбүр болды, одан кейін әйелді 200 доллар кепілдікпен босатқан. Кейінірек Джодидің «ұрлық» жасағанын бұрынғы күйеуі хабарлағаны анықталды. Ұялы телефон оның қызына алып берген рождестволық сыйлығы болып шықты, ер адам қызын қатал анасынан осылай қорғамақ болған көрінеді.

Істің мән-жайы анықталғаннан кейін сот Джодиге тағылған айыптардың күшін жойды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз