Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылордалықтар жерлесі – Элизабет Тұрсынбаеваға өз қолдауын білдірді

Жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева 2016 жылы жасөспірімдерге арналған Олимпиада ойындарының, 2017 жылы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Шайбалы хоккейден командамыз Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдесін алды. Қысқы Олимпиадаға 80-нен астам елдің 5000-нан астам спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапталады. Соның ішінде Қазақстан тоғыз спорт түріне қатысуды жоспарлап отыр.

Ұлттық құраманың қатарында мәнерлеп сырғанаудан жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева еліміздің намысын қорғайды. Байрақты бәсекелерге Сыр өңірінен қатысатын спортшылардан үлкен үміт күтеміз! Қысқы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын Элизабет қызымызға Сыр жұртшылығы атынан сәттілік тілейміз! Сыр спортшылары, Алға! Тәуелсіз Қазақстанның Туы көкте желбіресін!», – деді облыс әкімі.

Науқан барысында хоккейшілер, шорт-трекшілер және мәнерлеп сырғанаушылар, оның ішінде мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстың бірнеше дүркін жеңімпаздары Алина Жанділдаева, Манас Бекташов, Жансая Есен және Элизабеттің ағасы Тимур Тұрсынбаев өнер көрсетті.

Атап өтетін жайт, аймақта бұқаралық спортпен шұғылданатын халық санын арттыру мақсатында қазіргі таңда облыстық бюджеттен 7 елді мекенде: Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдарында және Сексеуіл, Төретам кенттерінде спорт кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Сыр өңірінде 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушылардың санын 30 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз