Ұсталған екі адам 13 пәтерді тонағанын мойындады. Келтірілген шығын көлемі – 2 миллион теңгеге жуық.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұсталған азаматтар 1998 жылы туғандар. Олардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ заттар тәркіленіп алынды. Тергеу кезінде қос күдіктінің істеген бірнеше қылмысының беті әшкереленді.
Ұсталған азаматтар түнгі немесе күндізгі уақытта үй иелері жұмыста болғанда ұрлыққа барған. Барлық ұрлық қылмысы пластик терезені бұзып кіру арқылы жүзеге асқан. Орын алған қылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екі күдікті азамат та Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.