Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызылордалық қожа «қарадан» алған келінімен бір дастарханнан шай ішпейді

166

Жанар туыстарының қонақтарды өз деңгейінде қарсы алғанын айтты. Дастарханға бар жақсысын қойып, жаңа түскен келіні меймандарға сәлемін салып, сыйын көрсетіп жүрген.

«Барлығымыз жиналып, дастарханда бос қосқанымызда келіні асханаға кетіп қалды. Оны шақыртқанымызда құдамыз келінін қожа емес екенін айтты. Құдағайымыз жеті руға дем берген қожалар екенін, келіндері «қарадан» болғанын, онымен бірге отырып тамақ ішпейтіндерін айтты», – дейді Жанар Ахметова.

Жалпы, көп жағдайда қожалар келіндерін өз руларынан алатындары белгілі. Бірақ Жанардың туыстары ұлдарына басқа румен жақындасуына рұқсатын беріпті. Оның ойынша, әулиет үлкендерінің мұндай шешімге келуіне жаңадан түскен келіннің аяғы ауыр болып қалуы себеп екен.

«Әрине, мұндай дәстүр мені қатты таңғалдырды. Өркениет дамыған тұста, бұл салт жабайылық секілді. Ертеңгі күні ол келіннің өмірі мені қатты алаңдатады. Қашанғы шыдап жүретінін кім біледі»,-дейді ол.

Жанардың айтуынша, жаңа келіннің төркіні бастапқыда бұл жағдайға реніштерін білдірген. Бірақ қыздарының бақыты үшін, көз жұма қарауларына тура келіпті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз