Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызылордадан шыққан жас ғалым әлемді мойындатты

188

Заманауи физикалық-химиялық талдау қондырғыларын еркін меңгерген Нұрғали Ақылбеков аз уақыттың ішінде ғылымға зор үлес қоса білді. Ол бұған дейін Арал өңірінің мұнаймен ластанған топырағын биопрепараттар арқылы тазарту технологиясын әзірлеген болатын. Енді медициналық химияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып отыр.

Нұрғали Ақылбеков, Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университетінің аспиранты: /Татарстан/

– Биологиялық зерттеу нәтижесі бойынша біздің заттарымыз бактерияға қарсы әсер ететін ең жоғарғы қасиет көрсетті. Және де сол жұмыс нәтижесінде біз Ресей Федерациясының өнертабыстық бір патентін былтыр 2017 жылы алдық. Жас ғалымның ғылыми жаңалығы халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Оның еңбектері еуропалық басылымдарда бірнеше рет жарық көрді. Ал өткен жылы Италияның Милано Мариттима қаласында өткен жас химиктер симпозиумында баяндама жасады.

Александр Бурилов, химия ғылымдарының докторы:

– Мен Нұрболды тәрбиелеген Қызылордадағы ұстаздарына алғыс білдіргім келеді. Осындай дарынды жастың ғылымға келуіне себепкер болған Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлік зертхана жетекшісі Нұрбол Аппазов болатын. Қазір менің жетекшілігіммен өзінің ғылымдағы ізденісін жалғастыруда. Жалпы аспирантураның 3-курсында жүріп, әлемдік конференцияларға шақырту алу – бұрын-соңды біздің институтта болмаған жетістік.

Нұрбол өткен жылы Қазақстанның мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын иеленді. Жаңақорғанның Қожамберді ауылында туып, әлемді мойындатқан талапты жастың алға қойған мақсаттары да айқын. Ресейдегі оқуын аяқтағаннан кейін, туған жерге оралып, ғылым жолындағы ізденісін жалғастырмақ. Ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеуді де жоспарлап жүр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз