Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Қызылордада жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті

Форум барысында облыс әкімі ел экономикасын басқаруда жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану үшін мемлекеттік аппаратта кәсіби, жаңашыл практикалық жұмыс тәжірибесі прогрессивті және креативті ойлау қабілеті бар кәсіпқой мамандардың болуы қажет екенін баса айтты.

– Әрине, қай кезеңде де, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан, Мемлекет басшысы кәсіби мемлекеттік аппараттың қалыптасуында жастарға ерекше үміт артады. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін»деген Мағжан Жұмабаевтың керемет сөзі де осыған дәлел емес пе? Сіздерге мемлекеттік қызмет саласында жаңашыл да заманауи, шыдамды болыңыздар деймін! Сол кезде ғана барлығына қол жеткізе аласыздар,

– деді облыс әкімі.

Агенттіктің аппарат басшысы Саян Ахметжанов кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

Форум барысында мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер де талқыланды.

Айта кетейік, екі күнге созылған шара барысында әр аймақтан келген мемлекеттік қызметшілер Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени орындарды аралап, Қорқыт ата мемориалдық кешенін тамашалады.

Сондай-ақ, слет аясында 5 шақырымдық «Адал жол» марафоны ұйымдастырылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз