Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
9
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қызылордада жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты жанжал шықты

Айта кетерлігі, өткенде апатқа ұшыраған санавиация ұшағын күтіп жатқан Шымкенттегі келіншек көз жұмған болатын. Ол да осы әулеттің жақын туысы екен. Қайғылы отбасы арада ай өтпей немересінен айрылып отыр. Ал қайғылы оқиғадан кейін перзентхана меңгерушісі жұмыстан қуылыпты.

Қайғылы оқиға осыдан он күн бұрын Қызылорда облысының Шиелі ауданында болды. Жантаевтар әулетінің келіні Айбану үшінші баласын босанбақ болып осында келген. Туыстарының сөзіне қарағанда жүктіліктің айы-күні толған шағы екен. Алайда, күткен қуаныш қайғы болып тиген.

“Алты жарымда босандырып алды. Ішін басқан, уже матка жыртылып кеткен. Содан қан тоқтамай, бала жыламай шықты. Қырық аптада туылғаннан кейін денсаулығының мықтылығының арқасында жүрек соғып жатты 4 тәулікке дейін. Қазіргі таңда шетінеп кетті бала. 16-сы күні шетінеген. Кешкі сағат 8-де. Айтпаған бізге”, – дейді нәрестенің әжесі Гүлзира Жантаева.

Шиелідегі нәрестенің шетінеуі аудан түгіл облыс басшылығын алаңдатып отыр. Өйткені, дәл осы ана мен бала өлімі көрсеткіштері былтыр 40 пайызға шамалас болса, биыл 8,5 пайызға дейін төмендетіп, жағдайды бақылауда ұстап отырған шақтары екен. Ал мына жағдайда не бала жоқ, ал келіншек енді құрсақ көтере алмайды. Бірақ, дәрігерлер жағдайды басқаша баяндады. Айтуларынша, жатырдан қан кетіп, әйелді әзер дегенде құтқарып қалыпты.

“Босану кезінде ерте қан кету деген диагноз бар. Сол басталған. Ерте қан кету болғанда, жатыр жиналмай, жиырылмай қалған. Өзіміздің акушер-гинекологтар операция жасап, науқастың, әйелдің жанын алып қалу мақсатында жатырын алып тастады”, – деді Шиелі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиева.

Ал шақалақтың өлімінен соң Шиелі аудандық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ақзияш Күздібаева жұмысынан қуылып, қазір тексеріс жүріп жатыр.

Бүгінде облыстан шақыртылған сарапшылар оқиғаны бүге-шүгесіне дейін тексеруде. Кімді қандай жаза күтіп тұрғаны тек соның қорытындысынан кейін ғана белгілі болмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз