Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қызылордада заңсыз аң аулағандар қолға түсті (фото)

397

Атап айтқанда, 2017 жылғы 11 қыркүйекте таңғы сағат 04.00 шамасында Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылының 7-8 шақырымдай жерде жарықтандырғыш шамын жағып келе жатқан УАЗ маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде оның ішінен атып алынған 14 қоян және 1 күзен табылды.

Бұдан бөлек көліктің ішінен 12 калибрлі және 32 калибрлі аңшы мылтығы, мылтық оқтары айғақ зат ретінде алынды. Оқиға орнында автокөлікте болған Сүттіқұдық ауылының 6 тұрғыны ұсталып, аңшылыққа рұқсат ететін құжаттары болмағандығы анықталды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қазіргі таңда Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәл осындай дерек 13 қыркүйек күні де тіркелген. Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына белгісіз бір азамат хабарласып, қарақұйрық аңына ұқсас жануардың денесін белгісіз біреулер тасымалдап жүргендігін хабарлаған. Оқиға орнына арнайы жасақталған топ жіберіліп, тексеру кезінде қапқа салынған, Қызыл кітапқа енгізілген өлі қарақұйрық табылды.

Аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, Шиелі аудандық ішкі істер бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз