Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
26
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Қызылордада «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы халықтың өмірін қалай жеңілдететіні туралы айтылады

255

Шара Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде салалық қызметкерлердің, студенттердің, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен өтеді.

Басты спикер ретінде «ҰАТ» АҚ Қызылорда облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Талант Нұрымов қатысады.

Семинар барысында «Цифрлық Қазақстан» Бағдарламасының барлық бағыттары ашылып, бөлек ақпараттық тапсырмалар топтамасында талданатын болады.

Шараны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырады.

Анықтама үшін:

«QDigital Inform» – қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.

 

«QDigital inform» әлеуметтік желілерде:

https://www.instagram.com/fcis.kz/

https://www.facebook.com/fcis.kz

https://fcis.kz/ ресми сайт

#QDigitalinform бірегей хэштег

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз