Қызылорда облысында бұрын мұғалім болып істеген азамат әйелі ұйықтап жатқанда шабуыл жасап, оны ауыр жаралағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл оқиға Бала би ауылында түнгі сағат 4 шамасында болған.
Соттың мәліметінше, ер адам әйелінің басына, иығына және қолына балтамен бірнеше рет соққы жасап, кейін үйден шығып кеткен. Оқиға куәсі болған қызы шұғыл көмек шақырған. Жәбірленуші бес баланың анасы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, мүгедек болып қалған.