Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-25
USD
460
+0.45
EUR
496
-0.43
RUB
4.97
+0.04

Қызылордада мемқызметшілер арасында ерекше конкурс ұйымдастырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында облыстағы мемлекеттік қызмет династияларын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға түрлі жұмыстар келіп түсті. Онда мемлекеттік қызметшілер өз отбасы туралы баяндайды.

Департамент басшысы Абзал Мұхимовтың айтуынша, республикамызда алғаш рет ұйымдастырылған бұл шара өскелең ұрпақтың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырады.

«Отбасы мүшелерінің ізін жалғастыру, халыққа адал қызмет ету, мемлекеттік қызметті абыроймен атқаруды дәріптеу туралы және мемлекеттік қызметшілердің ерең еңбектерін елеу мақсатында алда әлі талай іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз», – деді ол.

Айта кетейік, конкурс жеңімпаздары әлеуметтік желілерде ашық дауыс беру арқылы анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз