Қызылорда көшесінде қыздар төбелесті. Олардың бұл әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Желіде тараған видеодан екі қыздың төбелесіп жатқаны, олардың бірі жекпе-жек өнерінің бір түрін анық білетіні байқалады. Ол бар күшімен екіншісіне жұдырық жұмсап, тепкені көрінеді. Екіншісі болса аяқ киімді лақтырып, өзін қорғауға тырысады. Кейін сол маңдағы жігіт қыздарды ажыратпақ болады. Төбелес полицейлер келгенде тоқтады. Полицейлер қыздардың жеке басын анықтаған. Төбелеске қатысты тергеу басталды.
«Қызылордалық полиция қызметкерлері бұзақылық әрекетті тоқтатты. Барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.