Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қызылордада электрондық балабақша жүйесі іске қосылды

Конференцияға қалалық, аудандық білім бөлімдерінің, облыстағы жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, мектептердің, балабақшалардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

– «Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-анамен білім бөлімдері арасында тікелей байланысты азайтып, ата-аналарға үйінде отырып электронды түрде өтініш жасауға мүмкіндіктер туғызды. Жыл соңына дейін аудандарды да осы бағытқа көшіру мақсатында жұмыстар жүргізілуде» – дейді Майра Мелдебекова.

Сонымен қатар, балабақшалардың талапқа сәйкестігін, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын анықтау мақсатында құрылған жұмыс тобы облыс бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Жұмыс тобына тиісті құзырлы органдардан қызметкерлері тартылады. Бұл жұмыс тобы тұрақты түрде балабақшаларға, әсіресе жекеменшік балабақшалардың сапасына мониторинг жүргізетін болады.

Конференция барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев:

«Әлі де болса мектептерде, балабақшаларда ата-аналардан заңсыз ақша жинау кездеседі. Жөндеуге, басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға деп заңсыз ақша жинау фактілерін түбегейлі жоюды білім саласындағы мекеме басшыларына қатаң ескертеміз. Ата-аналар ондай шығындарды төлеуге міндетті емес. Білім беру ұйымының шығыстарына бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінуде» – деді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз