Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылордада автокөлік ұрлау жиілеп барады

Дәл осындай қылмыс дерегі 25 тамыз күні де тіркелген болатын. Қала орталығындағы мейрамханалардың бірінің алдындағы автотұрақта тұрған 55 жастағы азаматтың «Nissan Maxima» маркалы автокөлігін белгісіз біреулер белгісіз бағытқа айдап кеткені белгілі болады. Жедел-іздестіру жұмысы кезінде автокөлік Есенов көшесі бойынан табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен 1986 жылы туылған қала тұрғыны анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынады.

Осы екі дерек бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі, яғни „Автомобильді жымқыру, заңсыз оны иеленіп алу„ бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Осыған сәйкес, қызылордалық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына автокөліктерін үй аулаларына, гараждарға, автотұрақтарда қалдырған кезде қырағылық танытуына кеңес береді. Сондай-ақ, автокөлікті қараусыз қалдырмауларын, қараңғы жерлерде ұзақ уақытқа тұраққа қоймауларын, құжаттар мен құнды заттарды автокөлік ішінде сақтамауларын ескертеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз