Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қызылордада «А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлер үшін оқыту ұйымдастырылды

Семинарды аша отырып, Департамент басшысы Абзал Мұхимов «А» корпусы – мемлекеттік саясаттың іске асырылуына жауапты кәсіби басқарушылар класы, сондықтан да өткізіліп жатқан іріктеу барлық дайындалған адамдар үшін өзін мемлекеттік қызметте көрсетуге жақсы мүмкіндік.

«А» корпусының кадрлық резервіне үміткерлерді іріктеу тәртібінің ережелеріне сәйкес іріктеу бірқатар кезеңдерді құрайды. Бірінші – құжаттарды қабылдау, ол 4-15 қыркүйек аралығында өткізілді.

Бұдан кейін, үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі және жеке басының қасиеттерін бағалау, логика, ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеуден өтеді. Тестілеу қорытындысы бойынша өңірлік кадр комиссиясында және ұлттық комиссияда әңгімелесу өткізіледі.

Департаментке «А» корпусының кадрлық резервіне іріктеуге қатысу үшін 17 тұлғадан 18 өтініш түсті. Құжаттарды қарау қорытындысымен 13 үміткер белгіленген Арнайы біліктілік талаптарына, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заң талаптарына сәйкес болып, тестілеуге рұқсат алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз