Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылордада 4 млн теңгенің бағалы бұйымын қолды еткен ұрлықшы ұсталды

111

Тергеу кезінде ұсталған азаматтың тағы 2 ұрлыққа қатысы барлығы анықталды. Екі жағдайда да үйжайға пластик терезесін күштеп ашу арқылы кірген. Бірінде алтын бұйымдарды ұрлап, 153 мың теңге шығын келтірілсе, енді бірінде алтын, бриллиант әшекей бұйымдарымен қатар «Iphone 5» маркалы ұялы телефонның 2 данасы ұрланып, 1 млн. 630 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігімен, яғни „Ірі мөлшерде жасалған ұрлық„ бойынша тіркелді. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз