Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қызылордада 3 қарасора алқабы бар азамат ұсталды

Бұдан бөлек, оқиға орнынан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған қалта анықталып, ол сараптама қорытындысымен жалпы салмағы 1 келі 240 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі белгіленді. Сонымен қатар, тергеу кезінде бұл азамат бұдан бөлек 2 есірткі алқабында егіп-баптау жұмыстарын жүргізгені белгілі болды.

1600 шаршы метрге созылған бірінші есірткі алқабынан 700 түп, екінші алқаптан 78 түп өсімдік алынып, ол сараптама қорытындысымен құрамында есірткі заты бар сора өсімдігі екендігі нақтыланды.

Қазіргі уақытта, сезікті Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтасына қамаққа алынды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі, 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз