Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қызылорда облысының әкімі боксшы Қоңқабаевқа автокөлік кілтін табыс етті

Естеріңізге сала кетейік, Гамбургте 25 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында бокстан әуесқойлар арасында өткен ХІХ әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдені олжалап, жалпыкомандалық есепте ІІІ-ші орынды иеленген болатын.

Жерлесіміз Қамшыбек Қоңқабаев «күміс» медальдің иегері атанды.

Зілтемірші Рүстем Сыбай да 19-30 тамыз аралығындла Қытайдың Тайбэй қаласында өткен 29-шы Бүкіләлемдік жазғы универсиадада ІІ-орынды жеңіп алды. Облыс әкімі спортшыларды жеңістерімен құттықтап, Оңтүстік Коряда өтетін Азия ойындарында және 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада сәттілік тіледі.

-Еңбексіз жеңіс те болмайды. Қос спортшының жүлдесі жастардың жігерін жандырып, жаңа биіктерге жетелейді. Көптеген жасөспірімдер спортқа ынтығатын болады. Сіздер біздің еліміздің халықаралық спорттағы мәртебесінің жоғары екендігін дәлелдеп, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің ғана емес, барша қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыздар,-деді аймақ басшысы.

Айта кету керек, жыл басынан бері Қызылорда облысының спортшылары Қазақстан чемпионаттарында – 563 медаль жеңіп алса, Азия, Әлем чемпионаттарында – 53 медаль иеленді. Еліміздің Ұлттық құрама командасына облыстан 420 спортшы енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз