Қызылорда облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үлесі 3 есеге артып, 31 пайызды құрады.
Бұл туралы аймақтық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің басшысы Абзал Мұхимов облыстық Қоғамдық Кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді.
Департамент басшысының айтуынша, Елбасының биылғы Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметтер үдерісін оңтайландыру процесі қазір облыс көлемінде қарқынды жүріп жатыр.
«Нәтижесінде мемлекеттік органның тікелей өзімен қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер саны 6 пайызға төмендеді», – деді ол.
Сонымен қатар, шара барысында мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері де талқыланды.