Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қызылорда облысында электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесі 41 пайызға өсті

Департамент басшысының айтуынша, агенттіктің берген ұсынымдарын жүйелі түрде орындаудың нәтижесінде электронды қызметтің түрі 13,5 пайыздан 23 пайызға дейін артқан.

«Яғни, электронды түрде көрсетілетін қызметтер саны былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге, яғни 41 пайызға артса, мемлекеттік органның тікелей өзімен көрсетілетін қызметтердің саны 9 пайызға азайды», – деді А. Мұхимов.

Сонымен қатар, ол тұрғындардың электронды қызметтердің ішінде «дәрігердің қабылдауына жазылу», «метепке дейінгі ұйымдарға тіркелу» сияқты түрлерінің жиі пайдаланатынын айтты.

Айта кетейік, Н.Ә.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек екенін айтты.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз