Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қызықсыздар…”. Бекболат Тілеухан көкпарға қатысты түсінік берді

https://kaz.365info.kz/ishimdik-ishuden-zharyskha-tysken-tanymal-anshi-kopshiliktin-ashuyna-tidi-video-331114

«Біздің ересектер құрамасы барған жоқ (Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына – авт.) Алдыңғы ересектер құрамасы барған кезде біздің көкпаршылар екінші орын алып қалған. Үнемі ұтылуда болды. Сондықтан, жалпы көкпаршылармен, осы саладағы мамандармен ақылдастық.

Бұл Азия немесе Әлем чемпионаты емес, бар болғаны фестиваль ғой. Біз бұл додаға жастар командасын салдық. Жастар да додаға түсіп, сол сыннан өтуі керек.

Қырғызстанда ойнаған Қазақстанның жастар командасы. Мақсатымыз орындалды. Барды, ойнады, өте жақсы дәрежеде өнер көрсетті деп ойлаймын», – деді Бекболат Тілеухан.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті әлеуметтік желідегі пікірлерге қатысты ойын жеткізді.

«Спорт болғаннан кейін біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Ересектерді жіберсек, жеңіп тұрғанымыз анық.

Енді жастарда кіріспей ме!? Біздің жетекші ретінде алдымызға қойып отырған негізгі мақсат бар – бұл әділдік.

Қазақстанның жеріне кеп ойнағанда, аударыспағыңыз болсын, көкпарыңыз болсын – әділдіктен бір сантиметр тайған жері жоқ. Өйткені, қалыптасу кезеңіндегі ойын болғаннан кейін басталмай жатып, әділетсіздікке баратын болсақ, берекесі кетіп қалады», – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/kameletke-tolmagan-khyzben-zhynystykh-khatynaskha-tysuge-bolmajdy-alde-sen-yshin-bolady-ma-331087

Бекболат Тілеухан сонымен қатар, «Ұлттық спортқа қаншама ақша бөлінді» деген сұраққа жауап берді.

«Ашығын айтайын, осы уақытқа дейін 200 миллион теңге бөлінді. 40 пайызға жуығы жүлде қорына кетті. Оны білу қиын емес. Жеңіс тұғырында тұрған спортшылар қолына сертификатты ұстап тұр ғой. Сонда санап алсаңыздар, сол соманың 30-40 пайызы шығады», – дей келе Бекболат Тілеухан осы уақытқа дейін ұлттық спорт түрлерін өркендетуге үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетсек, осыған дейін Қырғыз Республикасында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алған болатын. Сондай-ақ, қазақ көкпаршылары аталмыш ойындарда өзбек спортшыларынан жеңіліп, қола медальды місе тұтқан еді.

https://kaz.365info.kz/ajgyl-orynbek-bekbolat-aga-mynynyz-ne-video-330915

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз