Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
17
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Қызық екен…”. Орыстан әйел алған Сейфуллин Әуезовтің не дегенін оқымаған ба? (фото)

359

–  Негізінде аралас неке әлемде болып жатқан құбылыс қой, одан бас тартуға болмайды деп есептеймін. Себебі, ол күнделікті өмірде күнде көріп жатқан, күнде болып жатқан нәрсе. Жоқ, рас.

Айталық, бұрындары сіздердің, қазақтың көптеген ұлы адамдары басқа ұлттан әйел алғаны өтірік емес қой?

Мысалы, Қонаевтың татар, Бауыржан Момышұлының орыс әйелі болғанын бәрі біледі. Мұстафа Шоқай бар, айта берсең көп. Сондықтан біз біріншіміз деп айтуға болмайды ғой. Өзімізге өзіміз келісті көрінеміз. Басқаларға қалай екенін білмеймін, депті Сейфулинннің екінші әйелі.

https://kaz.365info.kz/ma-pal-zh-nisova-z-ke-ni-ruhy-li-tynyshtal-an-zho-237015

Лилуя мұнымен не дегісі келді екен? Түсінгеніміз, ол өз Сейфуллинді тұлға санайды. Білсек, ол бар болғаны әнші ғана. Тұлға деңгейіне көтерілу үшін Лилуяның өзі айтқан Мұстафа Шоқайдың деңгейіндегі іс атқаруы керек.

Екіншіден…

Екіншіден деуіміздің себебі, тұлғалар да жаңылысады. Қателеседі. Онысын кеш аңғарып жатады. Айталық, Әуезов. Бұдан бұрын әлеуметтік желіде «Мұхтар Әуезовтың Софы Сматаевқа айтқан үш ақылы» атты хаты жарияланған-тұғын. 1961 жылы жазылған хаты екен. Шағын ғана. Тұшымды дүние. Аралас неке атты көпшілікті толғандыратын тақырыпқа Әуезов әдемілеп жауап берген.  Ол не дейді?

«Сарыбала, сен жазушы боламын деп жүрсің ғой. Сол болашақ тірлігіңе демеу болар үш тарау ақылымды айтайын. Қабыл алсаң, қапы қалмассың.

Арақты әу баста ем-дом үшін шығарған. Аздап ішсең — дәру, көп ішсең — у. Жөнімен тата білсең, артықтық етпейді ол. Ал қатаң ескертерім, темекіге жолама! Адам ағзасын арылмас дертке ұшырататын кесірлі кеселдің ең зияндысы. Бұл бір.

Жазушының өте бір баға жетпес құндысы — уақыты. Осы құндының аса қас жауы — карта дейтін азарты мол ойын. Ол немең — уақытыңды ұрлаумен қоса достарыңнан ажырататын зәндемінің өзі. Өйткені, ұтылсаң — ақша болмай, бере алмауың мүмкін. Ұтсаң — қолма қол ала алмай, араларың суысып кетуі ғажап емес. Сондықтан картадан аулақ бол.

https://kaz.365info.kz/liluyam-menin-sejfullin-zholbarys-ekinshi-ajelin-korsetti-foto-260449

Үшіншіден, біздің жасаған қателіктерімізді қайталамаңдар.

Жоғары оқу орындарында оқып жүргенімізде қазақ қыздары орталау мектепті де бітірмейтін еді. Содан ба “тең теңімен” дегенге әулекіленіп, “қолымыз жеткеніміз” орыс қызына, одан кейінгілеріміз татарға, басқа ұлт бойжеткендеріне үйлендік.

Ұлттың ұлт боп ұйытылуы бесіктен басталарына мән бермеппіз. Ал ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз.

Сендер елден алыста жүрсіңдер. Бүгінде қазағыңның оқыған қаракөздері жеткілікті. Біздің қателігімізді түзетуге тырысыңдар.

Солай, Софы балам. Кеңесіме құлап түспесе де, құлақ асар ұрпақ болса дейтін тілегімнің бір парасы осы”.

https://kaz.365info.kz/astanada-khazakh-mygalimi-bireudin-balasyna-3-khojgany-yshin-zhymystan-khuyldy-282398

Байқасаңыз, Мұқаң айтқан ақыл әлі күнге өзекті. Ал әйелі тұлғаға теңеген Сейфуллин осы хатты оқыды ма екен? Әрине, өз шаруасы. Кімді алады, қай ұлттан алады өз біледі ғой. Оны айыптағымыз жоқ. Тек Мұқаңның мына бір сөзі естен кетпей отыр: “ұлттың ұлылығын сақтау үшін өз жұртыңның аруымен бас қосудың аса қажеттігін кеш сезіп, сан соғып жүрміз….”

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз