Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қызметтік куәлігіне қызығыпты…” Ақмола облысында өлтірілген судьяның ісіне қатысты жаңа дерек

Ақмола облыстық прокуратурасы биыл 26 қыркүйекте қылмыстық істі Мамандандырылған ауданаралық сотқа жолдады.

“Қылмысты ауырлататын мән-жайлардан басқа,

айыпталушыға жеке мүлікті және зардап шеккен әйелдің қызметтік куәлігін ұрлады деген айып тағылды”,

– деді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 46 жастағы Жанна Бердіқұлова биыл 14-маусымда өлі табылған еді. Жедел шаралар барысында күдікті ретінде Көкшетау қаласының 1985 жылы туған ер адам ұсталған болатын. Ал кейінірек, сот төрайымын өлтірді деген күдікті қылмысын мойындады.

Ақмола облыстық ІІД өкілдері кезекші бөлімге 1971 жылғы әйелдің мәйіті өз үйінің жуыну бөлмесінен табылғаны жайлы хабар түскен. Сараптама қорытындысы бойынша, оны қылғындырып өлтірген. Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған.
:

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз